Перейти на полную версию сайта

«Жаңартылған білім беру мазмұны: тиімді жоспарлау және тәжірибе» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-нің Атырау қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы мен Атырау қалалық білім беру бөлімінің біріккен жоспарына сай Атырау қаласы №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектепте 2018 жылдың 14 желтоқсанында «Жаңартылған білім беру мазмұны: тиімді жоспарлау және тәжірибе» тақырыбында курстан кейінгі қолдау семинары өтті. Семинар жұмысына Атырау қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» директоры А.Т.Нуржанова мен орталықтың аға менеджерлері М.М.Телеубаев пен Н.М.Есбосыновтар қатысты.

Атырау қалалық №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектебі жетекші мектеп санатында бекітіліп, өз аймағына қарасты бекітілген 13 серіктес мектепке әдістемелік қолдау көрсетіп келеді.

Семинардың алғысөзінде «Педагогикалық шеберлік орталығының» директоры А.Т.Нуржанова: «Жетекші мектептердің серіктес мектептерге тиімді әдістемелік қолдау көрсетуі үшін қажетті кадрлық және әдістемелік ресурстардың болуының маңыздылығы туралы және «Каскадты оқыту бірлесіп қабылдаған шешімінен басталады. Жетекші мектептердегі басқару жүйесінде ынтымақтасқан орта демек, коллаборативті орта қалыптасуы басты шарттылық. Мұғалімдердің кәсіби әлеуетінің оңтайлы қолданылуы және мектептің жетістігі мен мүдделеріне бағынуы жинақталған тәжірибені тұрақты түрде жалпылау және тәжірибе алмасудың бекітілгенін белгілейді. Біз өзіндік кәсіби дамуымызда  өз шеберлік деңгейіміздің  қаншалықты екенін саралай білуіміз қажет, соның арқасында тәжірибе жинақтап, өзгеруіміз керек» - деген ұғымдарға аса мән берудің қажеттілігі жөнінде сөз етті. Жалпы білім беретін орта мектептерде каскадты оқытудың басты нысаны – мұғалімнің кәсіби дамуын ықпалдастыру екені жөнінде және жетекші мектеп тренерлерінің серіктес мектептермен жұмысын жандандырудың қажеттілігін баяндады.

Семинарға Атырау қаласы №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектебіне бекітілген серіктес мектептердің мұғалімдері белсене атсалысты.   Сондай-ақ жетекші мектептер серіктес мектептерді «қамқорлықтарына» алуына, және жетекші мектептер мектеп көшбасшыларына практикалық семинарлар мен, шеберлік сағаттарын өткізіп, сабақты жоспарлауға және бақылауға үйретуге, және Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеуді өткізу барысында кеңес беруге, оқыту іс-шараларын өткізуге, тиімді кері байланыс беруге мүмкіндіктері бар екендігі жөнінде кеңес-сұхбат жүргізді.

Орталықтың аға менеджері М.М.Телеубаев пен Н.М.Есбосыновтар №6 Мөңкеұлы атындағы орта мектептің мұғалімдері А.Бахтыгожинаның (математика), М.Жұмабаеваның (жаратылыстану), Н.Түсіпова (қазақстан тарихы), А.Жұмағалиеваның (алгебра), А.Қабасованың (әдебиеттік оқу), А.Ажимованың (орыс тілі), Г.Жауыр мен Н.Баймурзиевалардың (сауат ашу), Г.Ихуанованың (қазақ әдебиеті), Г.Темірғалиеваның (қазақ тілі) өткізген сабақтары мен оны жоспарлауы туралы кәсіби әңгіме жүргізді. Жүргізілген сабақ бойынша талдаулар жүрді. Сабақты талдау кезінде мұғалімдер өздеріне берілген карталар бойынша сабақта сәтті болған жерлері мен оқушының ойлау дағдысын дамыту үшін жасалған іс-әрекететтер, қалыптастырушы бағалау үшін жасалған критерийлердің дұрыстығы туралы айтып, басқа қатынасушылар болып «сабақты зерттеу дұрыс жүрді ме, жоқ па?» деген тақырыпта пікір алмасып, сұхбаттасты.


Возврат к списку