Педагогикалық шеберлік орталығы

«Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау және рефлексия»

2019 ж. 12 сәуірде «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қаласындағы филиалы базасында «Тиімді сабақ: жоспарлау, бақылау және рефлексия» тақырыбындағы оқу семинары өтті. Семинарға аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттің меңгерушілері және әдіскерлері, білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің оқытушылары, жалпы саны 72 адам қатысты.

Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы бастамасымен ұйымдастырылған семинардың мақсаты тыңдаушылардың тиімді жоспарлау және сабақты бақылау, сындарлы кері байланыс ұсыну және өзінің қызметіне рефлексия жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Семинарға қатысушылар сабақ құрылымын зерделеуді және тиімді сабақ жоспарының критерийлерін әзірлеуді, сыныпта бақылау жүргізуді, сындарлы кері байланыс беруді, рефлексия дағдысын тәжірибеде жетілдіру жолдарын меңгерді. Іс-шара барысында осы дағдыларды меңгеру барысында, НЗМ мұғалімдерінің өткізген физика, биология, информатика, химия, математика, қазақ әдебиеті, география пәндері бойынша ашық сабақтарға қатысты. Соңынан қатысушалардан кері байланыс алынды. Қатысқан сабақтарына талдау жасап, мықты және әлсіз тұстарын, оны жетілдірудің жолдарын талқылап, ортаға салды. Сабақты тиімді жоспарлау тәсілдерімен таныса отырып, сыныпта бақылау жүргізу, сындарлы кері байланыс ұсыну және теория мен практиканы ұштастыратын кіріктірілген тәсіл негізінде өзінің тәжірибесіне рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыруды үйренді.

Семинар соңында алған әсерлерін қорытындылай келе, пайдалы жақтары мен өзектілігін атап өтті. Ауқымды өткен семинар ұйымдастырушыларына, сонымен қатар орталық филиалының менеджер-әдіскері Қ.С. Альмагамбетовке және тренері И.И. Айдархановаға алғыстарын білдірді.


 12.04.2019     2188

Тізімге кері қайту