Педагогикалық шеберлік орталығы

«Жетекші мектеп: көшбасшылық және кәсіби даму» Жетекші мектептердің онлайн форумы»

2020 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 13.00-де «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдарының ұйымдастыруымен Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының Жетекші мектептерінің «Жетекші мектеп: көшбасшылық және кәсіби даму» атты онлайн форумы өтті.

Форум барысында Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының Жетекші мектептерінің желілік қоғамдастықтар жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелері таныстырылды, облыстық білім басқармаларымен және әдістемелік орталықтармен ынтымақтастықтың басым бағыттары анықталды.

Желілік қоғамдастықтардың тиімді өзара іс-қимылы және командалық жұмысы, заманауи мектеп басшысы мен педагогінің икемді дағдыларын құру, шағын жинақталған мектептерді қашықтан оқыту жағдайында білім беру және әдістемелік қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Пікірталас алаңдары ұйымдастырылды, онда педагогтер Жетекші мектептердің үздік жобаларымен танысты, үздік сайттардың таныстырылымын тыңдады, мұғалімдерге онлайн әдістемелік қолдау көрсету мүмкіндіктерін талқылады.

Форумға 500-ден астам мектеп басшылары мен педагогтер, білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері қатысты.


 01.10.2020     480

Тізімге кері қайту