Педагогикалық шеберлік орталығы

«Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2020 жылдың 1–2 қазан күндері онлайн режимінде «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, онда «Қазақстандағы Сабақты зерттеу» жобасына қатысушылардың зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Жыл сайын өтетін конференция қонақтары ретінде белгілі педагог-ғалымдар: Питер Дадли, PhD докторы, Дүниежүзілік Сабақты зерттеу Қауымдастығының (WALS) Президенті, Лестер университетінің (Ұлыбритания) құрметті профессоры және Тошия Чичибу, білім беру саласының магистрі, Жапония Білім беру саясатын зерттеу Ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкері қатысып, ойларын бөлісті.

Конференция жұмысына 200-ден астам педагог және Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басшылары, сондай-ақ Гуманитарлық колледждің оқытушылары қатысты. Екі күн ішінде алпыстан астам спикер шығып, баяндамалар жасады. Сонымен қатар 19 спикер постерлік сессиялардың қатысушысы болды.

Пікір алмасуға арналған «Сандық педагогика жағдайында Lesson study үдерісін ұйымдастыру», «Пән мұғалімдерінің бірлескен зерттеулері», «Lesson study арқылы кәсіпқой болу: менің тарихым», «Lesson study: оқушылардың нәтижелері», «Lesson study: инсайттар мен педагогикалық жаңалықтар» аталатын тақырыптық алаңдары құрылды.

Конференцияның қатысушыларына арналған зерттеу нәтижелерінің виртуалды көрмесі ұйымдастырылып, викториналар өткізілді. Викторина жеңімпаздары анықталып, олар сертификаттарға ие болды.


 02.10.2020     554

Тізімге кері қайту