Педагогикалық шеберлік орталығы

«Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде нені ескеру керек?» тақырыбында онлайн семинар

2021 жылы 08 ақпан күні Нұр-Сұлтан қ. Педагогикалық шеберлік орталығы мен Білім беруді жанғырту орталығы бірлесіп, «Жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеуде нені ескеру керек?» тақырыбында онлайн семинар өткізді.  Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласынан 1000-нан астам педагог қатысты. Онлайн семинар барысында жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу ерекшеліктері талданып, мұғалім тәжірибесінде туындайтын мәселелер талқыланды.

Негізгі пән мұғалімдеріне арналған секциялар барысында келесі сұрақтар қаралды:

    Жиынтық бағалауды өткізу және ұйымдастыруда қандай нормативтік-әдістемелік құжаттарды қолданамыз?

    Бөлім бойынша жиынтық бағалауда бағаланатын оқу мақсаттарын қалай анықтаймыз?

    Бағалау тапсырмаларын әзірлеуде тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясын қалай пайдаланамыз? 

    Бағалау тапсырмаларын әзірлеуде ресурстарды қалай таңдаймыз?

Пән мұғалімдері үшін бағалау тақырыбы ең күрделі мәселе болғандықтан,  әр тоқсан сайын басқа мектептердегі әріптестерімен кездесу вебинарларына қатысуға дайын екендіктерін білдірді.


 09.02.2021     688

Тізімге кері қайту