Педагогикалық шеберлік орталығы

Жетекші мектеп педагогтерінің онлайн сабақтарын бақылау

Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығы (бұдан әрі – ББЖО) бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының жетекші мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 21–28 қаңтары аралығында онлайн сабақты бақылау іс-шарасын өткізді.

Ұйымдастыру кезеңі аясында онлайн сабақтың бақылау парақтары әзірленіп, бақылаудың фокусы анықталды, сонымен қатар жетекші мектептердің онлайн сабақтарын қадағалау үшін кесте жасалды.

2021 жылы 19 қаңтарда ББЖО әдіскерлері, жетекші мектеп директорлары, директордың орынбасарлары жетекші мектептердің үйлестірушілеріне арналған әдістемелік десант өткізудің мақсаттары, міндеттері және механизмі туралы онлайн кездесу өткізілді.

2021 жылдың 15 ақпан күні ББЖО әдіскерлеріне онлайн сабақты бақылау нәтижелерін талдау және әдістемелік қолдау көрсету бойынша вебинар өткізілді. Онлайн сабақтарды бақылау нәтижесінде тренерлер жасаған жалпы қорытындылар және ұсыныстар сарапқа салынды.

Әдістемелік қолдауды жалғастыру үшін ПШО бақылау сабақтарын өткізген мұғалімдерге, сондай-ақ директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына 2021 жылдың 24–26 ақпан аралығында бірқатар вебинар топтамасын жоспарлады.


 18.02.2021     725

Тізімге кері қайту