Білім мен шабыт беру дәстүрге айналды. ПШО-ның 170 қызметкері сүйікті тәлімгерлерге, педагогикалық еңбек ардагерлеріне, жас мамандарға, балабақшаға, мектепке жылдық жазылым сыйлық сертификаттарын табыс етті. Акцияның әрбір қатысушысы өз оқушыларының жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілігін оятатын мұғалімге үлкен құрмет пен алғыс білдірді.
ПШО ұжымы барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды және әрбір отбасына денсаулық, амандық, тыныштық пен бейбітшілік тілейді.