Кездесу қонақтары өз қызметін, шығармашылығын балалармен ұштастырған белгілі ақын, журналист Мақпал Жұмабай мен ҚР Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, журналист Серікбол Хасан болды.
Тікелей эфирге NIS желісіндегі барлық мектеп оқушылары мен қызметкерлері қосылды.
«Көбелек», «Кәусар», «Әкесінің қызы» атты туындылардың авторы балалар ақыны Серікбол Тілепбергенұлы ауқымды жиыннан шабыт алғанын да жасырмай: «Балалар әдебиеті – маған үнемі мотивация беретін, өмірімнің бір бөлшегі», – деді.
Мақпал Құрманжанқызы, «Қазақстан» ұлттық арнасы, оның ішінде «Balapan» телеарнасындағы жұмыстары туралы оның жас ұрпақ тәрбиелеудегі балалар әдебиеті мен қазіргі медиа, гаджеттер дамыған заманда NIS Педагогикалық шеберлік орталығының бұл бастамасын жалпы қазақ әдебиеті мен руханиятқа қосқан зор үлес екенін атап өтті.
Бүгінгі жарқын жүздесу бір демде өтіп, оқушылар мен мұғалімдер өз сауалдарына жауап алды.
Жаңалықтар
NIS Педагогикалық шеберлік орталығының танымал «Шабыт» жобасына балалар әдебиеті әлемінде жырлары иірімге толы, поэзия мен журналистика саласының кәсіби мамандарын арнайы шақырды.
14.12.2022
Фотогалерея
- Пікірлер
Загрузка комментариев...