ACQUIN штаб-пәтері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымын Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жаһандық жетістігі – институционалдық аккредитация алуымен құттықтады. Ресми жеделхатта қазақстандық орталық Институт тарихында аккредитациядан шартсыз, ең ұзақ мерзімге және бірде-бір түсініктемесіз өткен алғашқы прецедент екені атап өтілген. ⠀ ⠀
– Орталықтың үлкен миссиясы – ол бүкіл ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталуында. Мені бірегей жобалардың ауқымы тәнті етті. Қазақстанға келіп, біз аккредиттеген Орталықтың қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көруді армандаймын, – деді ACQUIN ең беделді сарапшыларының бірі Daniel Rellstab.⠀ ⠀ Институционалдық аккредиттеу Педагогикалық шеберлік орталығы әлемдік жетістіктерінің үлкен сериясының заңды жалғасы атанды. ПШО отандық қосымша кәсіптік білім беру жүйесінде бірінші болып авторлық бағдарламаларын сыртқы сараптамаға ұсынды. Бірнеше жыл ішінде Орталық беделді Еуропалық институттан он бір бағдарлама аккредитациясын алды.⠀ ⠀
Әрбір ACQUIN сарапшысы бүкіл команданың, әсіресе, тренерлер құрамының абсолютті кәсібилігін ерекше атап өтті. Институттың аккредиттеу бөлімінің айтуынша, сертификаттау бойынша жұмыс істеген халықаралық сарапшылар ПШО кәсіби командасының табысты шешімдерін өз елдерінің ұлттық білім беру жүйесіне енгізуге дайын екенін жеткізген. ⠀ ⠀
– Педагогикалық шеберлік орталығының институционалдық аккредитациясы стратегияға абсолютті сәйкестігін және менеджменттің бірегейлігін, сондай-ақ жалпы компанияның табысы мен ауқымын дәлелдеді, – деп атап өтті ACQUIN.⠀ ⠀
– ACQUIN компаниясымен тікелей жұмыс істеген Толқын Айдосова, Гүлмира Есенова, Гүлмира Рахимова, Ирина Аушева, Жақсылық Пірмаханбетті күннің басты кейіпкерлері деп атауға болады. Жалпы алғанда, институционалдық аккредиттеу – біздің Орталықтың ұжымдық жетістігі, өйткені ол – бүкіл компанияның жүйелі жұмысын жан-жақты бағалайтын құрылымдық сыртқы аудит, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.