Бұл конференцияларда мұғалімдер сыныптарында, мектептерінде оқыту мен оқуды жақсарту бағытында кездескен мәселелерді шешуге арналған зерттеу нәтижелерімен өзара алмасады.
Бүгінгі таңда Сабақты зерттеу тәжірибесіне (Lesson Study) терең бойлаған орталықтың қоржынында 8500-ден астам зерттеу тәжірибелері бар және бұл әлемдік педагогикалық қауымдастықтың қызығушылығын тудырып отыр.
Осы орайда Дүниежүзілік сабақтарды зерттеу қауымдастығының (WALS) басқарушы кеңесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның WALS-2024 конференциясын Астанада өткізу туралы ұсынысын қарастырып, ресми қабыл алды.
Аталған WALS-2024 конференциясы аясында Педагогикалық шеберлік орталығы мен Мектеп зерттеушілерінің қауымдастығы Сабақты зерттеуді (Lesson Study) ауқымды дамытудың тәжірибесін ұсынады.
Жаңалықтар
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы 2015 жылдан бастап еліміздің барлық аймағында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында аймақтық конференциялар өткізіп келеді.
26.12.2022
Фотогалерея
- Пікірлер
Загрузка комментариев...