Мұғалім әр оқушыны жақсы көруі, сезінуі, кешіруі керек.⠀
⠀
Менің өмірдегі барлық жетістіктерім оқушылардың арқасында ғана мүмкін болды.⠀
⠀
Мұғалім 24 сағат мұғалім болуы керек, ол тек жұмыс уақытында және мектеп қабырғасында ғана мұғалім бола алмайды.⠀
⠀
Министр де бала, тіпті оқушы болған.⠀
⠀
Әке болу оңай ма, министр болу оңай ма? ⠀
⠀
Әке болу – бақыт, ұстаз болу – жауапкершілік.⠀
⠀
Мұғалімге бір жағдайда ғана⠀– педагогикалық университетте оқып жүргенде қатал қарау керек.⠀
⠀
Шыны керек, егер мектеп пен оқушылар сізге салмақ түсірсе, сіз мамандықтан кетуіңіз керек.⠀
⠀
Оқушыларға қуаныш сыйлай алмасаңыз да, сізге де мамандықты тастау керек.⠀
⠀
Өзіңізді де, шәкірттеріңізді де қинамай, уақытында кәсіптен кеткеніңіз дұрыс.⠀
⠀
Мектепке ер мұғалімдерді қалай тартуға болады? Әйелдердің несі жаман?⠀
Тұлғаны ана тәрбиелейді.⠀
⠀
Шынымды айтсам, алғашқы жылдары үздік ұстаз емес едім, үш жылдан кейін «Жыл мұғалімі» атандым. Мықты ұстаз ғана өз кемшілігін мойындайтынына сенімдімін.⠀
⠀
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен «галстуксіз кездесу» «Жас ұстаз – 2023» екінші республикалық форумының ең жарқын сәтіне айналды.