Құрметті ұстаздар!
«Қашықтан оқытуды үйренемін» онлайн курсында оқитын педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету аясында Педагогикалық шеберлік орталығы қашықтан оқытудың өзекті мәселелері бойынша вебинарлар сериясын өткізуді жалғастыруда.
Сіздерді 25 тамыз сағат 17.00-де өтетін «Кері байланыста мотивациялық пікірлерді қалай беруге болады?» атты кезекті вебинарға қатысуға шақырамыз.
Вебинар барысында бағалау оқушыларды ынталандыра алады ма, кері байланыстың күші неде және ынталандыратын пікірлерді қалай беру керек екендігін анықтайтын боламыз.
Сіздерді толғандыратын сұрақтарға жауап береміз.
Вебинар YouTube арнасында көрсетіледі.
Қосылуға арналған сілтеме https://youtu.be/pxb0WwptBJs
