Қысқы демалыс кезеңінде, 04-08 қаңтар аралығында, Педагогикалық шеберлік орталығы каникулдық мектеп аясында қашықтан оқыту форматымен критериалды бағалау бойынша жұмысын жалғастырады.
Негізгі мектеп мұғалімдері қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, физика, биология, география, информатика, тарих, химия пәндері бойынша sdo.cpm.kz платформасында қашықтан оқу форматында оқиды.
Оқыту нәтижесінде мұғалімдер бағалау критерийлерін тұжырымдауды, ойлау дағдыларының деңгейін белгілеуді, оқыту өлшемшарттары мен мақсаттарына сәйкес бағалау тапсырмаларын әзірлеуді, бағалау құралдарына сараптама жүргізуді үйренеді.
Бағалау бойынша каникулдық мектеп өз жұмысын көктемгі демалыста да жалғастырады.