2020 жылы 22 желтоқсан күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында мемлекеттік марапат тапсыру салтанаты өтті. Көпжылдық адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі Ирина Уматгиреевна Аушева марапатталды.
Ирина Уматгиреевна Педагогикалық шеберлік орталығында 2011 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Қызметінің негізгі саласы: біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары негізінде қазақстандық педагогтердің кәсіби дамуы бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізудің әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу.
Ирина Уматгиреевна дайындаған ғылыми басылымдары Мәскеу, Майндағы Франкфурт, Лондон, Париж қалаларындағы халықаралық кітап көрмелеріне қатысу қорытындысы бойынша сертификаттармен және алтын медальдармен марапатталды.
Орталық ұжымы Ирина Уматгиреевнаға педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді және зор денсаулық, жақсылық пен амандық тілейді!