2021 жылдың 3 наурызында «Вакцинация: қарсы және қарсы емеспін» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің алдында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын микробиологиялық зертханасының меңгерушісі, «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» МРК аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Искакова Айша Нұрбекқызы арнайы сөз сөйледі.
Қазіргі уақытта вакцинация өте өзекті мәселелер қатарында. Қатысушылар «Вакцинация не үшін қажет?», «Жағымсыз әсері болуы мүмкін бе?», «Ұжымдық иммунитетті қалай қалыптастырамыз?» және т.б. сұрақтарға толық жауаптар алды.
Іс-шараға 1000-нан астам қызметкер қатысып, инфекциялардың пайда болу тарихы, олардың алдын алу және денсаулықты сақтаудың заманауи әдістерімен танысты.