2020 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) қазақ және орыс тілдерінде орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік колледждерінің біліктілігін арттырудың екі апталық онлайн курсын бастайды.
ПШО онлайн курсты өткізу үшін жалпы білім беру пәндері бойынша біліктілікті арттырудың 19 бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама мазмұнын оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері, орта білім беру мазмұнын жаңарту, сабақтарды жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін енгізу, оқыту мен зерттеу тәжірибесін жетілдіруге арналған жаңа педагогикалық тәсілдер мен әдістерді пайдалануды қамтыды.
Қашықтан оқыту режимінде колледждердің жалпы білім беру пәндерінің 504 көшбасшы педагогі оқудан өтіп, олар одан әрі пәндер бойынша колледждердің барлық педагогін өңірішілік оқытуды өңірлік тренерлер ретінде жалғастырады. Педагогтерді каскадтық оқыту әр өңірдегі ПШО тренерлерінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Курс тыңдаушылары ПШО-ның электрондық сертификаттарына ие болады.

