«Шабыт» бағдарламасы өз көрермендерін тағы да бір қуантты.
2020 жылдың 26 жұлдызында Педагогикалық шеберлік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлеріне арнап Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актёрі Досқан Қалиұлы Жолжақсыновпен онлайн кездесу ұйымдастырды.
К.Н. Шәмшидинова өзінің алғы сөзінде Досхан Қалиұлының Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, актёрдің сезімінің шынайылығын, шыншылдығы мен шеберлігін атап өтті. Досқан Қалиұлының бай шығармашылық өнер жолында сахна мен кинода 200-ден астам рөл сомдаған.
Кездесу барысында көрермендер оның алғашқы рөлдеріне, өмірлік құндылықтарына, шығармашылығына, режиссер және продюсер ретіндегі жетістіктеріне қызығушылық танытты. Досқан Қалиұлы жарқын тарихи тұлғалардың рөлін сомдаған «Даладағы қуғын», «Кінәні өтеу», «Қазақ хандығы» фильмдерінің жұмысы туралы әңгімелеп берді. Қазақстан мәдениетінде жоғары кинематографиялық құндылық болып табылатын «Біржан сал» және «Құнанбай» картиналарының экрандалу тәжірибесі туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар Досқан Жолжақсыновқа жоғары актёрлік шеберлігі мен түсірген фильмдері, театр мен киноға деген махаббаты үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Кездесу өте шынайы және есте қаларлықтай болды. Көрермендер керемет ләззат алып, актёрге үлкен шығармашылық табыс тіледі.