Тәжікстан білім беру саласының топ-менеджерлерінің үлкен тобы қазақстандық тәжірибені зерттеу үшін Астанаға арнайы ұшып келді. Екі тараптың танысуының бірінші кезеңі 2024 жылы 24-25 ақпанда Душанбеде Педагогикалық шеберлік орталығының «Болашақ педагогикасы: заманауи мектептерге арналған шешімдер» семинары аясында өтті.⠀ ⠀
Еуропалық Одақ пен⠀Педагогикалық шеберлік орталығының табысты ынтымақтастығы аясында Тәжікстанда ұлттық білім беру жүйесін ілгерілету бойынша ауқымды жоба басталды. Душанбе мектептері PISA-2025 жаһандық зерттеуіне дайындалуда, оған республика алғаш рет қатысуды жоспарлап отыр. Педагогикалық шеберлік орталығының мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы тәжірибесі Тәжікстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдерін, сондай-ақ Соғды, Хатлон және Таулы Бадахшан уәлаяттары білім беру құрылымдарының басшыларын қызықтырды.⠀ ⠀
– Стратегиялық құжатқа көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында қол қойылуының символдық мәні бар. Тәжікстандағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша Еуропалық Одақпен бірлескен маңызды⠀жоба – Педагогикалық шеберлік орталығының қазақстандық зияткерлік технологияларды жаһандық білім беруге жүйелі тарату бойынша ауқымды жұмысының қисынды жалғасы, – деді ПШО директоры Жанбота Кабдыкаримова. ⠀ ⠀
Сонымен қатар бұл күні халықаралық әріптестерге мектепті басқаруға арналған компьютерлік симулятор таныстырылды.