Құрметті ұстаздар!
Педагогикалық шеберлік орталығы педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету аясында қашықтан оқытудың өзекті мәселелері бойынша вебинарлар сериясын өткізуде.
Мектептердің бірінші және бесінші сынып мұғалімдерін 28 тамызда келесі вебинарларға шақырамыз (вебинар YouTube арнасында көрсетіледі):
12.30 - 13.30 - «5-сыныптағы оқу процесін ұйымдастыруға арналған ұсыныстар» (қазақ тілінде). Қосылуға арналған сілтеме
https://youtu.be/FBCQ5wR8vlo
17.00 -18.00 – «1-сыныптағы оқу процесін ұйымдастыруға арналған ұсыныстар» (қазақ тілінде). Қосылуға арналған сілтеме
https://youtu.be/P31LTXdknlQ
Вебинарлар барысында біз бірінші және бесінші сыныптарда қашықтықтан оқыту режимінде оқу процесін ұйымдастыру нұсқаларын қарастырамыз:
- Педагогтерді оқушылар мен ата-аналарға қалай таныстыру керек?
- Қандай ережелермен келісу қажет және мұны қалай жасауға болады?
- Мұғалімдердің тек оқыту үдерісінде ғана қолдау көрсетуі жеткілікті ме?
