Семинар-практикумға еліміздің барлық аймағынан 11 000-нан астам педагог қатысады. Семинар-практикумның мазмұны оқытудың интерактивті әдістерінен тұрады, сондай-ақ функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың заманауи талаптарына негізделген.
Оқыту барысында жаратылыстану-ғылыми циклдің пән мұғалімдері оқу сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты және креативті ойлауды дамыту бойынша тақырыптарды талдауға және талқылауға бағытталған практикалық тапсырмаларды орындайды.
Мұғалімдер пәнді оқыту процесінде онлайн жаттығу құрылғысын қолдану ерекшеліктерімен танысып, тапсырмаларды шешу жолында практикалық дағдыларды игере алады. Бұл жаттығу құрылғылары оқушыларға арналған және олардың функционалдық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Семинарды Педагогикалық шеберлік орталығында дайындықтан өткен сертификатталған педагогтер өткізеді.

