Бойынан бекзаттық жаратылыс байқалып тұратын Шәмша Көпбайқызы көзі тірісінде «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөздің астарын жаңаша аңғартты. Ұлттық дәстүрмен ұрпақ тәрбиелеудің бастамашысы бола білді.
Осыған орай, Педагогикалық шеберлік орталығы 12 қазан күні Алматы қаласында Шәмша Көпбайқызының 80 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты кездесу өткізеді.
Сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығының басып шығаруымен Шәмша Көпбайқызының тағылымдық тұжырымдары ұсынылған «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтеді.