Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың табысты менеджментке қатысты: өзгерістер жеделдігі уақытындағы трансформация, кәсіби рефлексия, қоғамға қызмет ету, тиімді мақсат қою ережелері және адам ресурстары мен жұмыс процестерін басқарудағы этика лайфхактары көпшіліктің қызығушылығын тудырды.⠀
Қазіргі әлемдегі білім беру сапасы, білім беру ұйымдарындағы стратегиялық дамуды басқару, қызмет тиімділігін бағалау негізінде білім беру ұйымдарының әлеуетін дамыту – әр тақырып білім беру ұйымдарындағы білім беру сапасын басқарудың заманауи тәсілдеріне арналды. ⠀