2020 жылдың 16 қыркүйегінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан Республикасының педагогтері үшін қазақ және орыс тілдерінде «Бақытты ата-ана – табысты бала» жаппай ашық онлайн курсын іске қосады.
Онлайн курс ата-аналарға келесі сұрақтарға жауап алуға көмектеседі: «Цифрлық дәуір балалары» деген кімдер? Олардың ерекшеліктері қандай және қазіргі балаларда қандай дағдыларды дамыту керек? Үйде «мектеп күнін» қалай ұйымдастыруға болады? Жасөспірімнің оқуға деген ынтасы мен жауапкершілігін қалай арттыруға болады немесе оның сеніміне қалай қол жеткізуге болады? Болашақтың мамандықтары қандай болмақ? Білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру және қолдау неге маңызды?
Онлайн курстың әрбір тақырыбы өз бетінше оқуға арналған өзекті материалдар мен ресурстардан, ұсынылған ақпаратты жақсы түсінуге мүмкіндік беретін тапсырмалардан тұрады.
Курста оқу синхронды емес форматта өтеді. Сіз компьютерді, ноутбукты, планшетті немесе смартфонды қолдана отырып, оқуға өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдау мүмкіндігіңіз бар.
Ата-аналарға бала тәрбиелеудегі өзіндік тәжірибесімен бөлісуге және түсініктемелерде сұрақтар қоюға мүмкіндік беріледі.
Курс ұзақтығы 22 академиялық сағатты қамтиды. Курс соңында сертификат табысталады.
Қазірден бастап келесі сілтеме арқылы оқуды бастауға болады: https://stepik.org/course/80077?utm_campaign=teach1&utm_medium=button&utm_source=landing