Кездесуге «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н. Шамшидинова бастаған делегация қатысты.
Сарапшылар бағдарламаның бірегейлігін: білім беру сапасын арттыруға, басқару жобаларын әзірлеу мен тәжірибеге енгізу арқылы мектеп командаларын оқытуға, командаларды құру және оларды кейстер негізінде ынталандыру бойынша түрлі тұжырымдамаларды іске асыруға, мектеп көшбасшыларының құзыреттерін қалыптастыруға бағытталғандығын ерекше атап өтті.
ПШО – қазақстандық қосымша кәсіби білім беру жүйесіндегі сыртқы сараптамаға өз бағдарламаларын ұсынатын алғашқы ұйым.
ПШО-ның 2019 жылдан бері әзірлеген 11 біліктілікті арттыру бағдарламасы ACQUIN ірі еуропалық аккредитациялау агенттігінде сөзсіз сертификаттаудан сәтті өтті.
Бағдарламалардың халықаралық стандарттар мен сапа критерийлеріне сәйкестігі қазақстандық педагогтер тарапынан ғана емес, сонымен қатар аккредиттациялау агенттіктері мен халықаралық ұйымдар тарапынан да
ПШО-ға деген сенімінің негізіне айналды.
2022 жылы ПШО институционалдық аккредитациядан өту жұмысын бастады. Халықаралық сарапшылар ПШО-ның сапаны қамтамасыз ету саясатының қағидаттарына, ұйымның әзірлеушілер мен тренерлердің біліктілігін арттыруға деген ұмтылысын жоғары бағалады, бұл өз ретінде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар тобын құруға ықпал етті.