Құрметті ұстаздар!
«Қашықтан оқытуды үйренемін» онлайн курсында оқитын педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету аясында Педагогикалық шеберлік орталығы қашықтан оқытудың өзекті мәселелері бойынша вебинарлар сериясын өткізуді жалғастыруда.
Сіздерді 20 тамыз сағат 17.00-де өтетін «Білім алуда өзін-өзі реттеу: қашықтан оқу арқылы қалай дамуға болады?» атты кезекті вебинарға қатысуға шақырамыз.
Вебинар барысында қашықтан оқуда қай міндеттердің өзекті екенін анықтаймыз. Біз оқушылардың қашықтан оқуда тәуелсіз және жауапкершілікпен қарауға қалай көмектесуге болатындығын, баланың өзін-өзі басқару дағдыларын қалай дамыта алатындығын және біз, ересектер оған қалай көмектесе алатынымызды талқылаймыз.
Сіздерді толғандыратын сұрақтарға жауап береміз.
Вебинар YouTube арнасында көрсетіледі.
Қосылуға арналған сілтеме: https://youtu.be/Am6lkRz2sfs

