«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ профессор-оқытушылар құрамына вебинарлар сериясын бастады.
2021 жылдың 29 қыркүйегінде ZOOM платформасында «Біліктілікті арттырудың онлайн курстарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында алғашқы вебинар өтті, оған 250-ге жуық «Өрлеу» тренерлері қатысты.
Вебинар барысында кәсіби қажеттіліктерді анықтау мақсатында тыңдаушыларға сауалнама жүргізілді. Оқу процесі келесі мәселелерді талқылауға бағытталған: цифрлық білім беру процесінің парадигмасы қандай? Онлайн курстарды әзірлеуде қандай педагогикалық дизайнды басшылыққа алуға болады? Онлайн курсты жасақтау/әзірлеу командасының құрамына кімдер кіреді? Техникалық шешімдерге қалай шолу жасауға болады? және т.б.