Құрметті мұғалімдер!
Педагогикалық шеберлік орталығы «Қашықтан оқытуды үйретемін» онлайн курсында оқып жатқан мұғалімдерді әдістемелік сүйемелдеудің аясында қашықтан оқытудың көкейтесті мәселелері бойынша вебинарлар сериясын өткізеді.
6 тамызда сағат 17.00-де «Қашықтан оқытудың мақсаттары: әзірлеу мен өлшеудің жолдары» атты бірінші вебинарға қатысуға шақырамыз.
Вебинар барысында анықтайтын тақырыптарымыз:
Оқыту мақсаты мен сабақ мақсаты – бірдей ме?
Сабақ мақсатын тұжырымдауда етістіктің рөлі қандай?
Қашықтан оқыту барысында саралау маңызды ма?
Оқушылардың сабақ мақсатына жеткендігін қалай білуге болады?
Сізді толғандыратын өзге де сұрақтарға жауап береміз.
Вебинар YouTube арнасында таратылады.

