– Қазақстан мен Тәжікстан бұл жобада тренер және сотренер ретінде бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айта кету керек. ⠀ Бір ай бұрын бірінші жоба аясында Педагогикалық шеберлік орталығы республикалық және облыстық біліктілікті арттыру институттарының 50 тренерін дайындады. Ал қазір тәжік сотренерлері біздің тренерлермен бірге сабақ беру барысын бақылап, team teaching форматында жұмыс істеп, кері байланысты дамыту арқылы оқудың практикалық кезеңін жүзеге асыруда, – дейді ПШО директоры Жанбота Кабдыкаримова.⠀
Тәжікстан мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының екінші кезеңі бір айдан кейін, қыркүйекте онлайн режимде жалғасады.⠀ ⠀