Данияр Серікұлы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Физика және информатика пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2024–2026 жылдары Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін алды.
Еңбек жолын физика және информатика пәндерінің мұғалімі ретінде бастаған Данияр Серікұлы әр жылдары Петропавл қаласындағы білім беру ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды. 2015 жылдан бері NIS жүйесінде абыройлы еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде Петропавл және Өскемен қалаларындағы Зияткерлік мектептерде басшылық қызметтер атқарып, білім беру сапасын арттыруға және мектептердің дамуына өз үлесін қосты.
Данияр Серікұлы – педагогтерге кәсіби қолдау көрсету бойынша тренер, Microsoft Innovative Educator Expert санатының маманы. Ол халықаралық білім беру алаңдарында, соның ішінде EdVision конференциясы мен ЮНЕСКО-ның STEM бағытындағы білім беру мәселелеріне арналған симпозиумында тәжірибе бөліскен.

