Бағдарлама отандық білім берудің топ-менеджерлеріне арналған ең өзекті және креативті форматтарды қамтиды: «Қалай табысқа жетуге болады?» кейс-сессиялары, эмоционалды құзыреттілік бойынша креативті практикум, мектептегі Talent-Management бойынша «Мұғалімдерді шабыттандырамыз» форсайт-сессиясы, ата-аналар, оқушылар және мектеп басшыларына арналған ұжымдық дискуссия, «Цифрлық менеджментке арналған құралдар» Digital-сессия және басқалары.
Отандық білім берудегі табысты кейстер дайындалды, бірінші болып елордалық N54 мектеп-лицейі директорының міндетін атқарушы Қайрат Мұқашев пен Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов айтулы жетістіктерімен бөлісті.
Шетелдік тәжірибелерді «360-мектептің» тең директоры, британдық білім беруді зерттеу қауымдастығы кеңесінің мүшесі Сара Селезнев, Таллин ғылыми мектебінің басшысы, Эстония мұғалімдері одағының төрағасы Мэдис Сомэлар, Сингапурдағы Арбингер институтының қауымдастырылған кеңесшісі Сарас Менон таныстырды.