Отандық білім берудің топ-менеджерлерінің негізгі тізіміне енген 208 қатысушыны табысқа жету жолындағы жаңа қадамдарымен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин құттықтады.⠀ ⠀
Педагогтер конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ бірінші басшының бос орнына тағайындалады, сондай-ақ оларға «Жетекші-көшбасшы» біліктілік санаты берілді. Күннің басты кейіпкерлері өзгермелі әлеммен бірге көшбасшы өзі өзгереді және жанындағы жандарды да өзгертетінін баса айтты.⠀ ⠀
Өзгерістерді басқару және білім берудегі көшбасшылықты болашақ топ-менеджерлер Педагогикалық шеберлік орталығында үйренді. Оқыту курстан кейінгі сүйемелдеумен жалғасады, тренерлер болашақ басшылардың кәсіби дамуының жүйелі мониторингіне дайын.⠀ ⠀