Кездесу кейс-сессия форматында өтті, олардың әрқайсысында жас мұғалімдерге оқыту тәжірибесінен нақты жағдайларға оңтайлы шешімдер табу ұсынылды. Кездесу барысында мұғалімдер кейстерді талқылауда белсенді өзара іс-қимыл жасады. Оқыту тәжірибесіндегі өзгерістерге ықпал ететін тұжырымдар мен ұсынымдарды атап өтті.
Іс-шараның ерекше тәжірибеге бағытталған және интерактивті форматта болуы қатысушылардан коммуникация, тыңдай білу, командада жұмыс істеу, сыни ойлау сияқты дағдыларды көрсетуді талап етті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар «Жас мұғалімдер мектебі» атты жаңа курспен танысып, осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, алған әсерлерін жеткізді.
Келесі кездесулер Өскемен, Қарағанды, Алматы және Павлодар қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында өтеді.