Бұл шығарылым «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өткізген «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» тақырыбындағы XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға арналды.
Балалар игілігі мен ерте жастан тәрбиелеу, когнитивті педагогика, жасанды интеллект негізіндегі технологиялық білім беру, функционалдық сауаттылық пен дербестендірілген оқытуды дамыту, балаларды білім беру жетістіктеріне ынталандыру мәселелері басты назарда.
Журнал мазмұнына Қазақстан мен шет елдерде орта білім беру мәселесіне мүдделі белгілі ғалымдар мен сарапшылардың мақалалары мен пікірлері енгізілді. Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Эстония, Жаңа Зеландия, Болгария, Нидерланды, АҚШ пен Мальтадан келген халықаралық сарапшылар еліміздегі және әлемдегі заманауи білім берудің өзекті мәселелерін талқылады.
«Педагогикалық диалог» журналы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады және мектепке дейінгі деңгейден бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейіндегі педагогтер арасында сұранысқа ие және online.cpm.kz сайтында қолжетімді.
2023 жылы «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы «Қазпошта» АҚ каталогына енгізіліп, 76195 индексі бойынша жазылым басталды.
Жаңалықтар
Педагогикалық шеберлік орталығының 2012 жылдан бері Кембридж Университеті Білім беру факультетінің сарапшыларымен бірлесіп әзірленетін «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналының №4 (42) кезекті нөмірі жарық көрді.
06.01.2023
- Пікірлер
Загрузка комментариев...