Бүгін Астанада өтетін конференцияның мазмұндық бөліміне дайындықтың келесі кезеңі – абстрактілерді рецензиялау басталды, оған әртүрлі елдерден Сарапшылар кеңесі мүшелері тартылды. ⠀
Бүгіннің өзінде World Association of Lesson Studies⠀сайтында (www.walsnet.org/2024) негізгі спикерлер тізімі жарияланған. Олардың қатарында әлемдік білім беру саласының ең беделді сарапшылары – Норвегиядан Ойстейн Кристиансен, Литвадан Дариус Радкевичюс, Ұлыбританиядан Сара Селезнев, Жапониядан Ширди Тан, Германиядан Клара Кагер бар.⠀ ⠀
«Lesson studies: aspiring to better Learning and Teaching» стратегиялық тақырыбы Lesson Study әдісін барлық бес континенттегі мектептерде енгізуге мүдделі әлемнің ең табысты мұғалімдерін біріктіреді.⠀ ⠀
Астанада өтетін World Association of Lesson Studies конференциясына 164 күн қалды.