Бүгін цифрландыру жағдайында білім берудің алдында үлкен міндеттер тұр. 26-27 мамырда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) «Біліктілікті арттыру: қазіргі жағдайда сапаны басқару» тақырыбында «Қазақстандық тренер: тәжірибе, ынтымақтастық және даму келешегі» оныншы республикалық семинар-кеңес өткізуде.
Ресей, Қазақстанның жетекші сарапшылары біліктілікті арттырудың негізгі мәселелері бойынша сындарлы диалог құрды. 500-ден астам қатысушы үшін семинар педагогтердің кәсіби дамуы саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерімен алмасу үшін пәрменді алаңға айналды.
Шеберлік сыныптарда еліміздің әр өңірінен 52 тренер өз әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар сандық білім берудің келешегі, академиялық адалдық, сапаны басқару мәселелерін талқылауға тартылды, сондай-ақ аудиторияға әсер ету өнері бойынша тренингке қатысты.
Семинар жұмысы мазмұнды және жемісті болды, диалог нәтижелері тығыз өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа, мәлімделген проблемалар бойынша бірлескен шешім әзірлеуге бағытталды.

