Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қызметкерлеріне арналған «Шабыт» бағдарламасы бастау алды. Бағдарлама аясында ғылым, өнер, театр, музыка және кино салаларындағы белгілі тұлғалардың көпшілік дәрістері тыңдалады. Ай сайын компания қызметкерлерінің электронды поштасына бағдарлама қонағымен болатын кезекті кездесу және оның өтілетін уақыты мен орны туралы ақпарат таратылады.
Бағдарлама:
Ақиқаттан айнымаған қалам. Бердібек Соқпақбаев (19.02.2024)
Педагогикалық шеберлік орталығының айрықша сұранысқа ие «Шабыт» жобасының кезекті бас қосуы қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевқа арналды. Кездесудің қонағы – аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Самал Соқпақбаева танымал әкесін ерекше тебіреніспен еске алды.
Айта кетейік, балалар әдебиеті патшасы атанған белгілі қаламгердің ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде.
«Шабыт» шаңырағында Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева: аншлаг, шедеврлер мен асыл армандар⠀ (04.05.2023)
«Шабыт» алғаш рет Джульеттаның ариясымен басталды. Алғаш рет есті тыңдарманның жүрегіне жақын әуендер рояльда ойналды. Танымал жобаның мамырдағы кездесуінің басты кейіпкерлері⠀махаббат пен музыканың символы,⠀отандық өнердің брендіне айналған әйгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера дивасы Нұржамал Үсенбаева атанды. Кездесуге дәстүрлі түрде еліміздің барлық өңірінен жүздеген педагог қосылды, осылайша онлайн форматта да нағыз аншлаг болды.⠀
Азиядағы білім беру жөніндегі Жаһандық комиссияның комиссары Күләш Шәмшидинова Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаеваны⠀ел мәдениетінің лайықты уәкілетті өкілі деп атап, ерекше құрмет көрсетті. ⠀
Азиядағы білім беру жөніндегі Жаһандық комиссияның комиссары Күләш Шәмшидинова Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаеваны⠀ел мәдениетінің лайықты уәкілетті өкілі деп атап, ерекше құрмет көрсетті. ⠀
Әлемдік махаббат пен мойындауға қалай қол жеткізуге болады? Нұржамалға батасын беріп, үлкен өнерге жолын ашқан кім? Төлеген өзінің шын ғашық⠀екенін қашан түсінді? Жетістікте не маңызды – дарын⠀әлде еңбек? Ұлттық операның басты Қыз Жібегі өмірлік жарын сахнадағы Төлегенге ұқсата ма? Маэстро Мұхамеджанов кеңестік дәуірде қомақты саналатын жалақысын 20 рубль стипендияға ауыстыруға қалайша бел буды? Ересек кезінде алғаш рет роляға қалай отырды? Мемлекеттік қызметті шығармашылықпен қатар алып жүру қиын ба? Нұржамал сиыр сауа ала ма? Кейіпкерлер барлық сауалдарға әдемі әзілмен шынайы жауап беріп, «Шабытқа» қатысушылардың барлығын шабыттандырды.⠀⠀
Бұл жолы алғаш рет меймандардың өзі де арнайы сұрақтарымен келді. Төлеген Мұхамеджанов басты шедеврлерін ойнап, оларды қашан және кім орындағанын табуды ұсынды. Екінші әуеннен бүкіл көрермен сүйікті композитормен бірге қосыла ән шырқай жөнелді.⠀⠀
– Армандаңыздар, арманға жету жолында аянып қалмаңыздар, сонда ол міндетті түрде орындалады», – бұл Нұржамал Үсенбаева мен Төлеген Мұхамеджановтың өмір мен өнер жолынан түйген басты сабағы. ⠀
Мамырдағы кездесу күтпеген жерден нағыз мейрамға айналды, себебі барлық жанды музыкаға деген сүйіспеншілік пен құрмет біріктірді.⠀
Ел болам десең, бесігіңді түзе (15.02.2023)
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы төрт жыл бойы отандық ғылым, мәдениет және спорт саласының өкілдерімен «Шабыт» ауқымды жобасы аясында кездесулер өткізуді жалғастырып келеді.
Бағдарламаның бүгінгі қонағы – аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, кәсіби спортшы, панкратион мен бушидодан әлем кубогының иегері, Еуразия мен Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Ардақ Назаров болды.
Қазақстандық спортшы өзінің үлкен спорттағы өмір жолы туралы, тәлімгерлері мен ұстаздары, достары мен жақындары, сондай-ақ оған шабыт беретін адамдары туралы айтып берді. Ардақ Назаров өзінің тәрбиесі мен тұлға болып қалыптасуындағы әжесінің рөлі туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің жастарды тәрбиелеудегі – патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығын атап өтіп, және мұның «Әдеп» балабақшасының ашылуына себеп болғанын жеткізді.
Ардақ Назаров Зияткерлік мектептердің оқушылары мен мұғалімдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, спортпен айналысуды әдетке айналдыру кеңестерімен бөлісті. Кездесу қонағы: «Спортпен айналысқаныңыз – ол өзіңізге, денсаулығыңызға салып жатқан инвестицияңыз», –деді.
«Шабыт» бағдарламасының кезекті шығарылымы «Дос-Мұқасан» тобына арналды (24.11.2022)
Педагогикалық шеберлік орталығы «Шабыт» рухани-танымдық бағдарламасы аясында ғылым, өнер, мәдениет, спорт және кино салаларындағы елімізге белгілі тұлғалармен кездесуін жалғастырады.
«Шабыт» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы қазақ өнеріндегі шоқтығы биік бірегей музыкалық ұжым – «Дос-Мұқасанға» арналды.
Бағдарламада аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы Мұрат Құсайынов қонақта болып, ансамбльдің өрлеу жолы туралы тың деректермен бөлісті.
«Шабытқа» еліміздің барлық аймағының Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары онлайн және офлайн қатысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Балалар әдебиетінің авторлары «Шабыт» жобасында (14.12.2022)
NIS Педагогикалық шеберлік орталығының танымал «Шабыт» жобасына балалар әдебиеті әлемінде жырлары иірімге толы, поэзия мен журналистика саласының кәсіби мамандарын арнайы шақырды.
Кездесу қонақтары өз қызметін, шығармашылығын балалармен ұштастырған белгілі ақын, журналист Мақпал Жұмабай мен ҚР Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны, журналист Серікбол Хасан болды. Тікелей эфирге NIS желісіндегі барлық мектеп оқушылары мен қызметкерлері қосылды.
«Көбелек», «Кәусар», «Әкесінің қызы» атты туындылардың авторы балалар ақыны Серікбол Тілепбергенұлы ауқымды жиыннан шабыт алғанын да жасырмай: «Балалар әдебиеті – маған үнемі мотивация беретін, өмірімнің бір бөлшегі», – деді.
Мақпал Құрманжанқызы, «Қазақстан» ұлттық арнасы, оның ішінде «Balapan» телеарнасындағы жұмыстары туралы оның жас ұрпақ тәрбиелеудегі балалар әдебиеті мен қазіргі медиа, гаджеттер дамыған заманда NIS Педагогикалық шеберлік орталығының бұл бастамасын жалпы қазақ әдебиеті мен руханиятқа қосқан зор үлес екенін атап өтті. Бүгінгі жарқын жүздесу бір демде өтіп, оқушылар мен мұғалімдер өз сауалдарына жауап алды.
Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш-әйел (13.05.2022)
2022 жылы 13 мамыр күні ұшқыш, Екінші дүниежүзілік соғыс батыры, «Халық қаһарманы» атағының иегері Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына байланысты «Шабыт» бағдарламасының кезекті шығарылымы өтті. Кездесуге қонақ ретінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сара Танабаева мен «Хиуаз Доспанова. Рахмет айтып үлгеріңіз» фильмінің продюсері Мұрат Жәкібаев қатысты.
«NIS» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова кіріспе сөзінде бағдарлама қатысушыларына ыстық ықыласын жеткізіп, мұндай кездесулердің өскелең ұрпақ үшін ерекше маңызын атап өтті.
Онлайн кездесу Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінен көрсетілді. Әңгіме Х. Доспанованың балалық шағы, оның ата-анасы, ұстаздары және ұшқыш болу туралы арманынан өрбіді. Хиуаз Доспанованың ұлы Ерболат Әміров өзінің сұхбатында анасының алғашқы ерліктері, медальдары мен қолжазбалары туралы айтып берді.
Кездесу қатысушыларының назарына «Раскованың басқаруымен», «Халқым үшін» бейнефильмдері, өмірбаяндық еңбектері ұсынылды. Фильмнің продюсері Хиуаз Доспанова туралы фильм түсіру кезіндегі қызықты сәттерді айтып, оның Мәншүк Мәметовамен таныстығы жөнінде, сондай-ақ 46-гвардияны неліктен «түнгі мыстандар» полкі деп атағаны жайында мәліметтермен бөлісті.
Онлайн сұхбатқа 300-ге жуық қызметкерлер мен педагогтер қосылды.
Ұлттың ұлы ұстазы. Ахмет Байтұрсынұлы (28.04.2022)
NIS Педагогикалық шеберлік орталығының ауқымды «Шабыт» рухани-танымдық жобасы қазақ халқының ағартушылары мен мұғалімдеріне арналған дәрістер легін жалғастыруда. 2022 жылы 28 сәуір күні «Шамшырақ» онлайн алаңында ғалым, ұлттық жазу реформаторы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық тұжырымдамалары мен идеялары туралы дәрісті Абай Қалшабек өткізді.
Онлайн дәрістің бірінші бөлімі фактілерді талдауға және Кеңес дәуірі кезеңіндегі қазақ әдебиетінің 5 бағытын анықтауға арналды.
Ғалымның «Әдебиет танытқыш» және «Қырық мысал» атты құнды еңбектері мен қазақ халқының дала өміріндегі тұрмыстық ерекшеліктерімен ұштастыра жазылған И.А. Крылов өлеңдерінен аударған туындылары егжей-тегжейлі қарастырылды. Ұлт ұстазының Абай Құнанбайұлы жайында жазған және оның шығармашылығына терең үңілген «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласынан үзінділерге ерекше мән берілді.
Тікелей эфир соңында онлайн дәріске қосылған 300-ден астам педагог ағартушының бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған педагогикалық идеяларымен танысты. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына және ғылыми терминологияға қосқан өлшеусіз үлесі туралы толығырақ білді.
Жаңа ғасыр суретшісі. Ағымсалы Дүзелханов және Гүлназия Қастеевамен кездесу (08.04.2022)
2022 жылы 8 сәуір күні бағдарлама қонақтары Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, «Құрмет» орденінің иегері, әлемнің ең танымал отыз суретшісінің бірі Ағымсалы Дүзелханов және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер академиясының сәндік-қолданбалы өнер оқытушысы Гүлназия Қастеева болды. Әбілхан Қастеев атындағы музей-үйінде өткен кездесуді Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Абай Қалшабек жүргізді.
Ағымсалы Дүзелханов графикалық және бейнелеу өнерінің өткені, бүгіні және келешекте дамуы туралы әңгімеледі; «Қорқыт», «Абылай хан», «Әбілқайыр хан», «Әйтеке би», «Қазыбек би», «Төле би» көркем туындыларының жарыққа шығу тарихымен бөлісті. «Әліппе», «Бейнелеу өнері», «Музыка», «Ежелгі Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және басқа да жаңа буын оқулықтарында ұсынылған иллюстрациялар бойынша жұмыстарға айрықша тоқталды. Бүгінде оның картиналары Қазақстан мен Түрікменстан президенттерінің резиденцияларынан ерекше орын алған.
Еліміздің барлық өңірінен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның 300-ге жуық қызметкері Ұлттық валютаның нобайы қалай дайындалғанын, Гүлназия Қастеевамен бірлескен жұмыс жайында, сондай-ақ олардың болашақ мамандығын таңдауға ықпал еткен, шабыт сыйлаған жандар мен мұғалімдер туралы білді.
«Қазақ болып туғаныма қуанамын». Асанәлі Әшімовпен кездесу (03.03.2022)
Бағдарлама қонағы – Асанәлі Әшімұлы Әшімов, кеңестік, қазақстандық кино және театр актері, режиссер, сценарист, ұстаз, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі.
Кездесудің алғысөзінде NIS дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шәмшидинова өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі театр мен кино өнерінің маңыздылығы мен құндылығын атап өтіп, қазақ көркем өнерінің тағдыр-тарихына айналған Асанәлі Әшімұлына жылы лебізін білдірді.
Асанәлі Әшімұлы кездесуде театр және кино өнерінің өткені мен бүгіні, келешегі жайлы сөз қозғады. Қазақ кино өнерінің төлқұжатына айналған «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі» фильмдерінің түсірілу барысындағы естеліктермен бөлісті. Театр мен кино өнерінің салмағын таразылап, шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздық қағидаларын айтып берді.
Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан 400-ге жуық ұстаз қауымы қатысып, көкейдегі сауалдарға толымды жауап алып, кездесу қонағына рухани азық сыйлағаны үшін алғыстарын білдірді.
Қазақстан Республикасы ұстаздарына арналған рухани-танымдық «Шабыт» жобасы (17.02.2022)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен NIS Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған ұлт зиялыларының ғылым, педагогика, мәдениет және ағарту ісінде қалдырған асыл мұраларының білім беру жүйесіндегі заманауи идеялармен өзара сабақтастығын насихаттау мақсатында еліміздің педагогтеріне арналған «Шабыт» рухани-танымдық жобасы 2022 жылдың 17 ақпан күні бастау алды.
NIS Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова жобаның жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеуге, Қазақстанның мәдени мұрасымен таныстыру арқылы рухани дүниені байытуға бағытталған жобаның маңызды рөлін атап өтті.
Алғашқы тікелей көрсетілім Педагогикалық шеберлік орталығының Facebook әлеуметтік желісінің парақшасындағы «Шамшырақ» онлайн алаңында «Мағжан Жұмабаев. Ұлттық тәлім-тәрбие» тақырыбымен ашылды. Мағжан Жұмабаевтың бір ғасыр бұрын 1922 жылы жарық көрген «Педагогика» ғылыми еңбегінің негізгі тұжырымдамасы, тәрбие, ми, ойлау, әсер ету ұғымдарына берген анықтамалары қарастырылды. 1000-нан аса тыңдаушы лекцияға қосылып, ғалым-ағартушының әлемдік педагогикалық идеялар көрініс тапқан еңбектерімен танысты.
Алдағы уақытта «Шабыт» рухани-танымдық жобасы аясында тағылымды кездесулер жалғасын табады.
Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кездесу (03.02.2022)
Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен бастау алған «Шабыт» рухани-танымдық бағдарламасы 2022 жылы жалғасын табуда.
Биыл қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Педагогикалық шеберлік орталығы 2 ақпан күні «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Абай жолы» атты телехикаялардың сценарист-режиссері, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Мұрат Есжан мен осы фильмдердің сценарий авторы, ақын, жазушы Ұларбек Нұрғалыммен тағылымға толы кездесу өткізді.
Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Ахмет мұрасының құндылықтарына тоқталып, кездесу қонақтарына жылы лебізін білдірді.
Әңгіме барысында қатысушалар А. Байтұрсынұлының түркі әлеміне ортақ теориялық еңбектері, Алаш зиялыларының қолдауымен жарық көрген «Қазақ» газеті, ұстаз ашқан ұлы жаңалық – төте жазулы қазақ әліпбиі мен оның ғылымға, елге қалдырған құнды мұралары және «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты 6 бөлімнен тұратын фильмдегі ұстаздың қоғамдық-саяси қызметінің салмағы туралы сөз қозғады.
Онлайн форматтағы кездесуді еліміздің бар аймағынан 400-ден аса NIS қызметкерлері тамашалады. Ахмет Байтұрсынұлы туралы тың деректермен бөлісіп, Ұлт Ұстазының ұлы бейнесін экранға шығарған кәсіби мамандарға ризашылығын білдірді.
«Жүректен шыққан сырлы сөз» шығармашылық кездесуі (28.12.2021)
Бағдарлама қонақтары – Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері, «Тәуелсіздік тебіреністері», «Алтын тұғыр», «Оңтүстік орамдары» шығармаларының авторы Абай Қалшабек, Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері, «Всё начинается с любви…» өлеңдер жинағының авторы Ирина Бурлак және Педагогикалық шеберлік орталығының менеджері, «Ұнайды қарағаның…» жыр жинағының авторы Ұлжан Шораева.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова рухани құндылықтарды заманауи поэзия арқылы насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Отан, өмір, махаббат жайында лирикалық шығармалар оқылды... Әріптестеріміздің шығармашылығы көптеген поэзиясүйер қауымның қызығушылық тудырады, ал авторлар әдеби ортада танымал жандар.
Абай Қалшабек – жан-жақты тұлға, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Түркістан облысының үздік ақыны – 2021»,«Дарын» стипендиясының иегері. Ирина Бурлак «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да шығарылған орыс тілі, өнер, музыка пәні оқулықтарына арналған өлең мәтіндерінің авторы ретінде көпке белгілі.
Жас ақын Ұлжан Шораева өзінің алғашқы өлеңдер жинағын ұсынды, «Әке», «Астана», «Жаным», «Іздеймін», «Ұнатып қалма» әндерінің шығу тарихы туралы айтып берді.
400-ге жуық қатысушы әріптестерінің қарым-қабілетін жоғары бағалап, жаңа шығармашылық жаңалықтар мен шалқар шабыт тіледі.
Музейлерге виртуалды саяхат (14.12.2021)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 2021 жылы 14 желтоқсанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Шабыт» бағдарламасы аясында өнер музейлеріне виртуалды саяхат ұйымдастырды. Ұйымның 200-ге жуық қызметкері Ресей, Италия, Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-тың үздік қазақстандық және әлемдік музейлерін аралау мүмкіндігіне ие болды.
Цифрлық ресурстардың арқасында қатысушылар Ә. Қастеевтің көрнекті мұрасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен, әлемге әйгілі Луврмен, Лондондағы Британ музейімен, Ватикандағы Сикстин капелласымен, Сальвадор Дали театр-музейімен және Вашингтонның табиғи тарих музейімен танысты.
Тарихи орындарға виртуалды саяхат рухани мәдениетті дамытуға, құндылықтарды сақтауға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға серпін берді.
Көрнекті ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменовпен кездесу (25.11.2021)
«Адам болам десеңіз, есіміңді ардақта...». 2021 жылдың 25 қарашасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлерінің әйгілі ақын әрі жазушы, қоғамдық-саяси қайраткер және дипломат, Қазақстанның Еңбек Ері – Олжас Омарұлы Сүлейменовпен кезекті шығармашылық кездесуі ұйымдастырылды.
Корпоративтік бағдарламада кездесуге дәстүрлі түрде 500-ге жуық адам қатысты.
Кездесу барысында Олжас Омарұлы әлеуметтік даму мен балалардың шығармашылық бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Табиғат, өнер, тарих, «Невада – Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қатысушылар онлайн форматта «Мың бір сөз» этимологиялық сөздігін құру идеясы, әйгілі «Аз и Я» кітабы, «Жас тұлпар» мәдени-ағартушылық қозғалысы туралы және шабытты қайдан алатыны жайлы сұрақтар қойды.
Ұлы ақынның шығармашылығы интеллектуалды, жоғары мәдениетті және көптілді тұлға қалыптастыру үшін немесе Олжас Омарұлының сөзімен айтқанда, «Ойшыл адам» үшін құнды болып қала бермек.
Мұрат Әуезовпен құндылықтар, мәдениет және әдебиет жайында (24.09.2021)
On September 24, 2021 as a part of “Inspiration” corporate program there was an online-meeting of employees of the AEO “Nazarbayev Intellectual Schools” with Murat Auezov, writer, scholar, culturologist, diplomat, state and public figure, bearer of “Parasat” and “Kurmet” orders. The meeting was broadcast live from the National Library of the Republic of Kazakhstan in Almaty.
Warmly welcoming the guest, Deputy Chairperson of the Executive Board of the AEO “Nazarbayev Intellectual Schools” Olga Mozhaeva noted high interest of the programme’s participants in the creativity of the scholar, literary heritage of his father – Mukhtar Auezov.
Murat Auezov started the talk with the words: “My father was not only a great teacher, but also a great educator”. With great trepidation he told about the literary heritage of the writer, about the role and importance of his works in culture and literature, about the spiritual development of Kazakh people. He especially emphasised the work of “Zhas tulpar” organisation, the main idea of which was the propaganda of national consciousness and history of ancestors.
Answering many questions of the listeners, the scholar noted the exceptional importance of the novel-epic “Abai’s Way” in upbringing of the young generation, shared his thoughts about the nobility and morality, and the role of literature in the life of modern society.
More than 600 participants from all regions of the country joined the online meeting, asked questions, and thanked the guest for the interesting conversation.
Қазақстандық гроссмейстер Жансая Абдумаликтің табыс формуласы (25.06.2021)
2021 жылдың 25 маусымында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлерінің кезекті онлайн-кездесуі қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Абдумаликпен өтті. Кездесуді Педагогикалық шеберлік орталығы «Шабыт» бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
2000-нан астам қатысушы «Халықаралық гроссмейстер» атағына ие болған алғашқы қазақстандықпен танысуға ниет білдірді. Жас шахматшы бала кезінен бастап әлемдік аренада еліміздің намысын қорғайды, ҚР Шахмат федерациясының ең жоғары марапаты – «Дара» орденімен марапатталған.
Дарынды шахматшы халықаралық деңгейге ие ең жас шахматшы атанудың қандай болатындығы, оның қалыптасуына кімнің ықпал еткендігі, қай ойынның ерекше есте сақталғандығы және бірнеше сағаттық шахмат ойындарынан кейін өз күшін қалай қалыпқа келтіретіндігі туралы әңгімеледі. Үлгі тұтатын тұлғалары мен тәлімгерлері туралы, 800 жас шахматшыны дайындайтын Шахмат академиясының миссиясы жайында айтып берді.Кездесу соңында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымының Орынбасары Светлана Испусинова мейманға қызықты әңгімесі үшін алғыс білдіріп, сәтті ойындар мен жарқын жеңістер тіледі.
Қазақстанның бас кардиохирургы Пя Юрий Владимировичпен кездесу (28.05.2021)
2021 жылдың 28 мамырында Педагогикалық шеберлік орталығы медицина ғылымдарының докторы, University Medical Center корпоративтік қорының Басқарма төрағасы, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ хирургия және ғылым жөніндегі директоры Пя Юрий Владимировичпен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Аты әлемге әйгілі профессорды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова жылы шыраймен қарсы алды.
Юрий Владимировичтің айтуынша, ұжымдағы жетістіктің кілті –командалық жұмыс, көшбасшылықты дұрыс бөлу және адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Ол өзінің өмірдегі басты тәлімгерлері, айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеген, мамандығы мұғалім – ата-анасы екенін айтып өтті.
Ғалым өзінің жетістігінің формуласы өз ісіне деген сүйіспеншілік, адалдық пен ашықтық деп есептейді. Ол «Жүрек Орталығы» қорының жұмысы, қайырымдылық, салауатты өмір салты және болашаққа үлкен жоспарлары туралы үлкен қуанышпен әңгімелеп берді.
Ұйымның 300-ден астам қызметкері дәрігердің тәжірибесі мен ғылыми әзірлемелері жайлы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Дәрігер кездесуге қатысушыларға айтқан сөзінде салауатты өмір салтын ұстанудың үш кеңесімен бөлісті: уақытты дұрыс басқару, позитивке ұмтылу, оң және игі істердің себебін іздеу.
Мүсінші Айдос Есмағамбетовпен кездесу (28.04.2021)
28 сәуір күні «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының және «Astana Musical» мемлекеттік театрының суретшісі Айдос Есмағамбетовпен онлайн-кездесу өтті. Жас мүсінші, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазын Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова ерекше ықыласпен қарсы алды.
Айдос Есмағамбетов - Қазақстандағы жалғыз гиперреалист-мүсінші, сонымен қатар суретші, актер, фотограф, блогер... Бұл - көпқырлы дарынның шағын бөлігі ғана. Ол өзінің керемет реалистік мүсіндері арқылы танымал.
Кездесу барысында суретші өзінің шығармашылық шеберханасын, жеке экспонаттармен жұмыс істеу үдерісін көрсетті. Айдос Әкімғалиұлының алғашқы жұмыстары – Нұрсұлтан Назарбаевтың, Абай мен Абылай ханның, Барак Обаманың мүсіндері де назардан тыс қалмады. «Мен елордадағы мұражайда жеке экспозиция құруды армандаймын», - деп мойындайды шебер. «Мен біздің елде гиперреализм өнерін дамыту үшін топ құрғым келеді».
500-ден астам қызметкер қонақты қызыға тыңдап, сұрақтар қойды.
Заманымыздың нағыз талантты суретшісіне шығармашылық табыс тілейміз.
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған онлайн кездесу (19.02.2021)
«Шабыт» бағдарламасының қонақтары – ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев пен оның жұбайы – Мұқағали Мақатаев атындағы Халықаралық қордың төрайымы Бақытгүл Мақатаева болды.
Ақынның балалық шағы қандай болды? М. Мақатаевтың ақын ретінде қалыптасуына кім әсер етті? Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас қандай болды? Осы және өзге де сауалдарға жауап беріп, Жұлдыз Мақатаев өзінің естеліктерімен бөлісті. Бақытгүл Мақатаева Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қордың жұмысы, мұражайы мен ақын энциклопедиясының басылып шығуы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар Бақытгүл Мақатаева ақын мен композитор Нұрғиса Тілендиевтің бірлескен шығармашылық байланысы жайлы айтып берді. «Саржайлау», «Болмасын, соғыс болмасын», «Дариға, домбырамды берші маған», «Есіңе мені алғайсың» және басқа да көптеген әндер екі ұлы тұлғаның шығармашылық бірлігінің жемісі еді. Ақынның балалары көрермендерге Мұқағали Мақатаевтың баға жетпес қолжазбасы мен күнделігін көрсетті.
Кездесу соңында Бақытгүл Мақатаева ақынның «Жапырақ жүрек жас қайың», «Пай, пай, өмір» атты өлеңдерін оқып берді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова М.Мақатаев қалдырған мәдени және рухани мұралардың маңыздылығын атап өтті. «Шабыт» жобасы аясында өткізілген әрбір кездесу әр көрерменге шабыт сыйлап, рухани дамуына ықпал етеді. Кездесуге қатысқан көрермендер кеш қонақтары мен жүргізуші Абай Қалшабектің қызықты әңгімесіне алғыстарын білдірді.
Онлайн кездесуге 600-ден астам қатысушы қатысты. Ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасына қызығушылық танытқандар үшін видеожазба Педагогикалық шеберлік орталығының YouTube арнасында қолжетімді.
Ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлы туралы сұхбат (29.01.2021)
29 қаңтарда Педагогикалық шеберлік орталығы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған кезекті онлайн-кездесу ұйымдастырды.
«Шабыт» бағдарламасының қонағы жазушының немере інісі, белгілі журналист, Тараз қаласындағы «Бауыржантану» зерттеу орталығының қызметкері Бекет Момынқұл болды. Ол кісі 11 жылдан астам уақыт бойы атасының шығармашылығын зерттеп келеді. Қатысушыларды жылы шыраймен қарсы алған Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Бауыржан Момышұлының ерліктері мен өскелең ұрпақты патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеудегі өмірлік ұстанымдары мен құндылықтарының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жазушының мұрағат құжаттары, күнделіктері мен қолжазбалары туралы көптеген қызықты мәлімет алды. Еліміздің барлық аймақтарынан 1000-нан астам ұйым қызметкері қатысты. Кездесу өте жылы және есте қаларлықтай өтті.
Көрермендер қонаққа үлкен алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.
Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновпен онлайн кездесу (26.11.2020)
2020 жылдың 26 жұлдызында Педагогикалық шеберлік орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлеріне арнап Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актёрі Досқан Қалиұлы Жолжақсыновпен онлайн кездесу ұйымдастырды.
К.Н. Шәмшидинова өзінің алғы сөзінде Досхан Қалиұлының Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, актёрдің сезімінің шынайылығын, шыншылдығы мен шеберлігін атап өтті. Досқан Қалиұлының бай шығармашылық өнер жолында сахна мен кинода 200-ден астам рөл сомдаған.
Кездесу барысында көрермендер оның алғашқы рөлдеріне, өмірлік құндылықтарына, шығармашылығына, режиссер және продюсер ретіндегі жетістіктеріне қызығушылық танытты. Досқан Қалиұлы жарқын тарихи тұлғалардың рөлін сомдаған «Даладағы қуғын», «Кінәні өтеу», «Қазақ хандығы» фильмдерінің жұмысы туралы әңгімелеп берді. Қазақстан мәдениетінде жоғары кинематографиялық құндылық болып табылатын «Біржан сал» және «Құнанбай» картиналарының экрандалу тәжірибесі туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар Досқан Жолжақсыновқа жоғары актёрлік шеберлігі мен түсірген фильмдері, театр мен киноға деген махаббаты үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Кездесу өте шынайы және есте қаларлықтай болды. Көрермендер керемет ләззат алып, актёрге үлкен шығармашылық табыс тіледі.
«Мен өз театрымды шексіз сүйемін…» көрнекті балет әртісі Алтынай Асылмұратовамен (12.11.2020)
Кездесуді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова алғы сөзімен бастап берді. Өз сөзінде Алтынай Абдуахимқызының шығармашылық жетістіктерін және балалар мен жастарды тәрбиелеудегі заманауи өнердің рөлі маңызды екенін атап өтті.
Алтынай Абдуахимқызы өзінің отбасы туралы, тал бесіктен бастап театрға деген сүйіспеншілігінің бастауы туралы қуана бөлісті. Ол өз өмірін балетпен байланыстыруға ықпал еткен атасы жайлы, өзінің балерина ретінде қалыптасуы туралы зор ықыласпен айтты. Ролан Петимен және Сэр Кеннет Макмилланмен жемісті жұмысы туралы, «Париж Құдай Анасы соборы», «Капелия», «Манон» және т.б. әлемдік шедеврлердің қойылымдары жайлы ризашылықпен айтып берді.
Алтынай Абдуахимқызы жас әртістер мен балаларға өзінің барлық білімі мен тәжірибесін беруге ниетті екенін жеткізді. Оның: «Өнермен таза жан дүниеңмен айналысу керек! Өнермен ақша таппайды. Өнерді сүйіп, өмірді соған арнау керек» деген сөздері көрермендерге ерекше әсер етті.
Кездесуге қатысушылар балеринаның Қазақстандағы және шетелдегі шығармашылық жетістіктеріне, отандық балет өнерінің даму келешегіне, болашаққа жоспарлары мен жаңа жобаларына қызығушылық танытты.
Онлайн кездесуге Қазақстанның әр өңірінен 300-ден астам көрермен қатысты. Ұйым ұжымы уақыт бөліп, тамаша көңіл күй сыйлағаны үшін Алтынай Абдуахимқызына шын жүректен алғыс білдіреді. Аңызға айналған балеринамен кездесу жылулық пен өзара сенім атмосферасында өтті.
Кездесу Педагогикалық шеберлік орталығының YouTube арнасы арқылы көрсетіледі.
«Мен бәріне ән шырқамаймын, әрбіріне ән шырқаймын» опера әншісі Майра Мұхамедқызымен кездесу (07.10.2020)
Опера дивасының қуатты энергетикаға толы әңгімесі көрермендердің таңдайын қақтырды. Майра Мұхамедқызы балалық шағындағы естеліктерін жылы сөзбен еске алып, ерекше сезіммен бөлісті. Ұстаздары мен тәлімгерлеріне алғыс сөздерін жеткізді.
Көрерменнің көзайымы Мәскеудегі П. Чайковский атындағы Халықаралық байқауы өнер жолының бастауы болғанын атап өтті. Ол әлемге әйгілі сахналарда, Бордо ұлттық опера театрында және Лорен Нанси, Лондондағы Кадоган концерт залында, Вашингтонда және басқа қалаларда бірнеше рет өнер көрсеткен. Майра Мұхамедқызы өзінің шығармашылығы арқылы қазақ халқының ұлттық мәдениетін әлемге паш етуді армандайды. «Астана Операның» жетекші солисі аты аңызға айналған Пласидо Доминго, Роберто Алания, Мирелла Френи секілді әншілермен орындаған өз тәжірибесімен бөлісті.
Тікелей эфирде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген көрермен қоңыраулары толастамады, чат сұрақтары да болды, әртіс олардың әрқайсысына жауап беруге тырысты. Онлайн кездесуге 300-ге жуық көрермен қатысты, олардың көпшілігі әншіге тамаша көңіл күй, рухани атмосфера мен керемет сезім сыйлағаны үшін алғыс білдірді.
Майра Мұхамедқызына үлкен шығармашылық табыс тілейміз және алтын уақытын бөлгені үшін ұжымның атынан алғыс айтамыз.
«Мен өз ісімді жақсы көремін ...» Алан Бурибаев (15.09.2020)
«Мен өз ісімді жақсы көремін ...»
«Шабыт» бағдарламасы аясында 2020 жылдың 15 қыркүйегінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері, дирижерлердің көптеген еуропалық конкурстарының жеңімпазы Алан Асқарұлы Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Онлайн кездесуді «НЗМ» ДББҰ Басқарма төрайымы К.Н. Шәмшидинова маэстроның Қазақстандағы және шетелдердегі үлкен кәсіби жетістіктерін атап өтіп, жылы лебізімен бастап берді.
Қызықты сұхбат барысында әйгілі қазақстандық дирижер мамандығын таңдауға әсер еткен балалық шағының қызықты оқиғалары мен естеліктерімен бөлісті.
Кездесуге қатысушылар музыканттың жеке өміріне ғана емес, оның Қазақстандағы және шетелдегі шығармашылық жетістіктеріне, опера өнерінің даму келешегіне, жаңа жобалар мен болашақтағы жоспарларына қызығушылық танытты.
Алан Асқарұлы&nbs";s:4:"TYPE";s:4:"TEXT";}