Facebook әлеуметтік желісінде алғаш рет құрылған Ы.Алтынсариннің «Шамшырақ» педагогикалық шеберлігінің онлайн-алаңы мектеп тәжірибесін дамыту және өз кәсібилігін жетілдіру үшін жаңа білім, жаңа тәжірибе және жаңа идеялар іздейтін қауымға арналған.
Педагогикалық тәжірибені тарату келесі өзекті тақырыптарды қамтиды:
-
«Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі»
-
-
«Сабақты қалай есте қаларлықтай ету керек?»
-
-
«Мұғалімнің цифрлық зертханасы»
-
-
«Мектептегі зерттеу: біздің тәжірибеміз – біздің нәтижеміз»
-
-
«Білім беру жобалары: digital-ұрпақтың жүрегіне жол»
-
-
«Ата-аналармен диалогтер»
Сайттан үздік мастер-кластарды, ашық сабақтарды, шебер-педагогтермен сұхбаттарды көруге, жаңа заман ұрпағын оқыту және тәрбиелеу туралы дәрістерді тыңдауға, сонымен қатар ұлы ағартушы, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы подкасттарды тыңдай аласыз. Өзіңізді қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, пікірлер қалдыруға мүмкіндік бар.
Онлайн форматтағы кәсіби дамудың арқасында білім шекаралары кеңейіп, білім алу алуан түрлі және қолжетімді болып келеді!
Facebook желісіндегі ресми парақша https://www.facebook.com/ShamshyraqNIS