«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының бастамасы бойынша құрылған жетекші мектептер желісі Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептер үшін Зияткерлік мектептердің тәжірибесін тарату бойынша желілік тірек платформасы ретінде белгіленді. Жетекші мектеп мәртебесі мектеп командасына белсенді көшбасшы болуы, ұжымның инновациялық жұмысы, жақсы жетістіктерге жетуі, және ең бастысы серіктес-мектептер желісінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру әрі өткізу негізінде беріледі.
Жыл сайын жетекші мәртебесін алатын мектептердің тізімі ұлғайып келеді. 2021 жылы республикада олардың саны 1412-ге жетті.
Кәсіби қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл қарқыны жалпы білім беретін мектептердегі педагогтерді дербес және неғұрлым фокустық әдістемелік қолдауға көшуіне мүмкіндік береді. Осындай тығыз ынтымақтастық барысында мұғалім жаңа тәжірибеге, жаңа дағдыға ие болып, мектеп практикасындағы өзгерістерге ықпал етеді. Мұндай қолдаудың жолсеріктері ретінде жетекші мектептер танылды, олар каскадтық үлгімен өз тәжірибелерін өзінің серіктестеріне таратты. Бүгінде жетекші мектептер серіктес мектептер үшін өзіндік драйвер болып келеді. Олардың күш салуымен білім беру ортасы белсенді дами түсуде, оқыту сапасы жақсарды, мұғалім-көшбасшылар өнімді командалық жұмыс істеу үлгісін көрсетуде, өз тәжірибелерін басқаларға бейімдеп, әрі ұсына білуде. Осы жылдарда жетекші мектеп жүйесінің дамуы жан-жақты желілік ауқымды қамтыды, оның өміріне әр мектеп тартыла түскен.
2018 жылдан бастап 2020 жылы аралығында жетекші мектеп желісінің жұмысы туралы 4 зерттеу жүргізілді, олар беделді қазақстандық және халықаралық ғылыми платформаларда жарияланды. Зерттеулер жетекші мектептер командасының көшбасшылық шығармашылығының ауқымын көрсетті, онда кәсіби-педагогикалық ортаның әдістемелік әлеуеті шоғырланған. Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінің қолдауына сүйене отырып, аталған мектептер өздерінің кәсіби активтерін құруға мүмкіндік алды, оның құрамында 13 мыңнан астам мектеп тренері мен оқыту әдістемесі мен технологиялары, зерттеулер мен бағалау жөніндегі үйлестірушілер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта біз жетекші мектептердің активін қолдау үшін және оларды ересектер аудиториясында жұмыс істеудің арнайы дағдысына оқыту бойынша біршама күш салуды көздеп отырмыз.
Еліміздегі жетекші мектептердің желісі тек сан жағынан ғана емес, сонымен бірге ұйымдастыру жоспарына сәйкес дами түсуде. 2020 жылы 17 өңірдің жетекші мектептері бес ірі алаңға бірлесті, онда жыл сайын жетекші мектептердің өңірлік форумы өткізіліп, қорытынды жасалады. Биылғы жылы онлайн-алаңдарды құру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді, онда мектептің әдістемелік активіне арналған оқыту шеберлік сабақтары, тренингілер, консультациялар өткізілуде, әдістемелік мәселелерді талқылау үшін және мектеп практикасын жаңарту мен тәжірибе алмасу жөнінде диалог алаңдары ұйымдастырылған. Қазақстандағы жетекші мектептер жобасы өзінің өміршеңдігі мен мәнін дәлелдеп қана қойған жоқ, сонымен бірге кәсіби-педагогикалық қоғамдастықты дамытудағы неғұрлым өзекті әлімдік трендтерді іске асырудың үлгісі болып табылды. Жетекші мектептермен мына сілтеме арқылы танысуға болады.