Педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлеріне қолайлы жұмыс жағдайларын жасауға тырысып, шын жүректен қамқорлық жасайды. Қызметі шығармашылықпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, жобаларды әзірлеумен және IT саласымен байланысты қызметкерлердің белгілі бір санаттары кейде энергия азайып, кәсіби шаршауы мүмкін. Қызметкердің эмоциялық жағдайы жұмыс процесіне әсер ететінін ескере отырып, біз 1 маусымнан бастап өзін-өзі дамыту күнін енгіземіз деп шештік.
Бұл тәжірибенің мақсаты – орталық қызметкерлерінің жеке өсуіне және ерекше шоғырлануды қажет ететін негізгі міндеттерді шешуге уақыт беру. Қызметкерлер айына бір рет бос күнінде кітапханаларда, мұрағаттар мен мұражайларда зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ өз жобаларымен айналысуға мүмкіндік алады.