NIS Педагогикалық шеберлік орталығы 2015 жылдан бастап мектептердің ынтымақтастығы негізінде білім сапасын жақсарту, өзгерістерге бейімдеу, үнемі ізденіске және кәсіби дамуға ықпал ету мақсатында «Жетекші мектептер» жобасын жүзеге асырып келеді.
Жоба аясында мұғалімдер жыл сайын жаңа білімді алдымен өздері үйреніп, алған білімдерін басқа серіктес мектептермен бөліседі.
Биыл жетекші мектептер мен қауымдастықтар шеңберінде 8 000 іс-шара өткізіліп, жетекші мектептердің қатары 1 838-ге жетіп отыр.
«Бүгінгі таңда жетекші мектептер серіктестік мектептер үшін драйверлерге айналды. Олардың күш-жігерімен оқыту сапасы, білім беру ортасы белсенді дамып келеді. Жоба негізінде 60 мыңға жуық әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Бұл Қазақстандағы «Жетекші мектептер» жобасының өміршеңдігі мен маңыздылығын дәлелдеп қана қоймай, кәсіби-педагогикалық қоғамдастықты дамытудағы ең өзекті трендтерді іске асырудың үлгісі бола білді», – деп бағалады «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Ноғатайқызы.
Жаңалықтар
Мектептердің өзара серіктестік байланыс орнатып, тәжірибе алмасуы білім беру үдерісінің табысты жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
28.12.2022
- Пікірлер
Загрузка комментариев...