Ел педагогтеріне арналған тағылымды дәрісті ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Дарын» стипендиясының иегері, Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері – Абай Қалшабек жүргізді.
Дәрісте Б. Момышұлының ел есінен кетпейтін ұлы ерлігі, ұрпаққа үлгі боларлық мұрасы, Отан алдындағы борыш пен патриоттық сезім туралы қанатты сөздері, адамды тәрбиелеуге қатысты тұжырымдары талданды.
Б. Момышұлының шығармашылығына М. Әуезов пен Ж. Жабаевтың ықпалы да назардан тыс қалмады. Қатысушылар батырдың өмірбаянындағы беймәлім деректермен танысып, алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастағанын, күнделіктері мен қолжазбалары жайында көптеген қызықты мәліметтер алды.
Онлайн форматтағы дәріске елімізден 1000-ға жуық педагог қатысып, дәріс соңында ерлік, ұлттық рух, патриоттық тәлім-тәрбие ұғымдары туралы пікір алмасып, ойларымен бөлісті.
Жаңалықтар
2022 жылы 16 наурыз күні NIS Педагогикалық шеберлік орталығы «Шабыт» рухани-танымдық бағдарламасы аясында даңқты қолбасшы, әскери тарихшы, жазушы, ғалым, Кеңес Одағының Батыры – Бауыржан Момышұлының ерлігі, шығармашылығы мен ой-толғамдарына арналған онлайн дәріс ұйымдастырды. Дәріс тікелей көрсетілімде Facebook парақшасындағы «Шамшырақ» алаңында өтті.
17.03.2022
Фотогалерея
- Пікірлер
Загрузка комментариев...