2020 жылдың 23 қыркүйегінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері онлайн режимде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бастамасымен «Ауыл мектебі» жобасы аясында «Ауыл мектебі: табысқа бірге жетеміз» атты Республикалық семинар өткізді.
Семинар Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының 14 ауылдық жалпы білім беретін мектептерін біріктірді.
Семинардың мақсаты: педагогтерге кәсіби даму траекториясын таңдауда әдістемелік және психологиялық қолдау көрсету.
Қатысушылар секция барысында ауыл мектептері педагогтерінің каскадты кәсіби даму механизмін құру және жоспарлау мәселелерінде бірыңғай тәсілдерді әзірлеп, мектептегі өзгерістерді басқарудың тиімді әдістерін талқылады.
Іс-шараға 260 мектеп директорлары мен орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, технология, зерттеу, әдістеме бойынша мектеп тренерлері, бағалау үйлестірушілері, сондай-ақ облыстық білім басқармаларының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің өкілдері қатысты.