Бағдарламаның бүгінгі қонағы – аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, кәсіби спортшы, панкратион мен бушидодан әлем кубогының иегері, Еуразия мен Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Ардақ Назаров болды.
Қазақстандық спортшы өзінің үлкен спорттағы өмір жолы туралы, тәлімгерлері мен ұстаздары, достары мен жақындары, сондай-ақ оған шабыт беретін адамдары туралы айтып берді. Ардақ Назаров өзінің тәрбиесі мен тұлға болып қалыптасуындағы әжесінің рөлі туралы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің жастарды тәрбиелеудегі – патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығын атап өтіп, және мұның «Әдеп» балабақшасының ашылуына себеп болғанын жеткізді.
Ардақ Назаров Зияткерлік мектептердің оқушылары мен мұғалімдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, спортпен айналысуды әдетке айналдыру кеңестерімен бөлісті. Кездесу қонағы: «Спортпен айналысқаныңыз – ол өзіңізге, денсаулығыңызға салып жатқан инвестицияңыз», –деді.