6000-ға жуық педагог «Түрлі біліктілік арқылы оқу сауаттылығын қалай дамытамыз?» сауалына жауап алып, оқу сауаттылығына әсер ететін факторлармен және мақсатты әдістермен танысты.
Оқыту вебинары тыңдаушылардың пәндік құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталған. Тренерлер Эльвира Рахмаил мен Салтанат Ислямова практикалық жаттығулар арқылы Jalinga студияларының ресурстарын пайдалана отырып, интерактивті оқыту ұйымдастырды.
Вебинарлар сериясы 2022 жылдың наурыз айына дейін жалғасады.
Қазақ тіліндегі вебинардың сілтемесі: https://youtu.be/16Cxr00SrWU
Орыс тіліндегі вебинардың сілтемесі: https://youtu.be/Fv3RTLl1PtQ