Негізгі қызмет
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу ережесінің» 30-тармағына сәйкес Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) педагогтердің қызметін курстан кейін сүйемелдеуді жүргізіп келеді. Курстан кейінгі сүйемелдеудің негізгі мақсаты оқу мен оқыту үдерісінде кәсіби қиыншылықтарды табу арқылы білім беру ұйымдарының педагогтеріне уақытында әдістемелік көмек беру болып табылады.