NIS Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған офлайн форматындағы алғашқы тренинг америкалық
психиатр Г. Фрейденбергердің эмоционалды күйзеліс синдромын анықтаудан басталды.
Тренинг қатысушылары эмоционалды сарқылу, жеке оқшаулану және тиімділіктің жоғалуы эмоционалды күйзелістің белгілері екенін білді. Созылмалы ауруы бар адамдар, интроверттер, үлкен қала тұрғындары, ішкі дау-жанжалы бар жандар және басқалары сыртқы және ішкі факторлар ықпал ететін эмоционалды күйзелістің ықтимал құрбандарының қатарына жатқызылады.
Тренерлер Сәуле Журунтаева, Камила Күзембаева және Қызжібек Абдраманова жағымсыз ойлардан арылуға көмектесетін «Көпшілігі біледі» және «Дәл осы жерде және қазір» жаттығуларын қатысушылармен бірге орындады. Оқыту нәтижелері бойынша эмоционалды күйзелістен пайда болатын белгілердің диагностикасы жүргізіліп, оның себептері және алдын алу жолдары айқындалды. Сондай-ақ эмоционалды күйзеліске жол бермейтін шаралар ұсынылды.
Жаңалықтар
2022 жылы 25 наурыз күні корпоративтік оқыту аясында «Стресске қарсы иммунитетті дамыту: тиімділікті арттыру және күйзелістің алдын алу» модулі бойынша тренинг өтті.
28.03.2022
Фотогалерея
- Пікірлер
Загрузка комментариев...