2022 жылы 28 ақпан күні NIS Педагогикалық шеберлік орталығының YouTube арнасында функционалдық сауаттылық бойынша үшінші қорытынды вебинар өтті. Математикалық дағдыларды дамыту пәндік білімді түрлендіруді және жағдаяттық есептерді шешуді қамтиды. Тренерлер Сара Ұлтанбаева мен Дәулет Әлиасқаров оқушылардың математикалық сауаттылық дағдыларын дамыту үдерісінен өткен сабақтарға шолу жасап, математиканы оқытудың икемді тәсілдерін қарастырды. Проблемалық, жобалық-бағдарланған және құзыреттілік тәсілдерге ерекше назар аударылды.
Тәжірибелік сипаттағы оқытуға қосылған 1000-нан астам мұғалімге Пик формуласы, декомпозиция әдісі, сондай-ақ кітап парақтары мен сағат тілдерінен тапсырмаларды қолдану бойынша жиі кездесетін тапсырмалар ұсынылды.
Тренерлер қорытындылай келе, оқушының таңдау еркіндігі және оны негіздеу дұрыс ойлау мен өз пікірін дәлелдеуге ықпал ететін математикалық дағдыларды дамытудың тағы бір жолы екенін атап өтті.