NIS Педагогикалық шеберлік орталығы 2022 жылдан бері аталған мәселе бойынша «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» білім беру қорының қолдауымен 17 ауыл мектептерінің зияткерлік деңгейін арттыруға бағытталған «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасын жүзеге асырып келеді.
Жоба аясында Педагогикалық шеберлік орталығы мектеп диагностикасын ұйымдастыруды, әдіснамалық қолдауды, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын және мектепті жобадан кейінгі сүйемелдеуді толық қамтамасыз етіп отыр.
2022 жылы ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс кезеңінде диагностиканың 3 түрі жүргізілді. Олардың әрқайсысы бойынша жобаға қатысушы әр мектеп зерттеу нәтижелері, қорытындылары мен ұсыныстары бар талдамалық есептер алынды.
Айталық, оқытудағы кәсіби қиындықтарды анықтау мақсатында 17 ауылдық мектепке ПШО тренерлерінің баруымен 684 сабаққа бақылау өткізілді. Бұл жұмыс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін анықтауға бағытталған.
Екіншіден, мектепті басқару, мектеп ортасы, оқыту және оқыту практикасы мәселелері бойынша кәсіби қажеттіліктерді айқындау мақсатында білім беру процесі субъектілерінің әртүрлі санаттарымен сауалнама жүргізілді. Сауалнамамен қамту 6 716 адамды құрады, оның ішінде 85 директор және мектеп директорларының орынбасарлары, 1 219 пән мұғалімі, 2 754 ата-ана және 2 658 оқушы.
Үшіншіден, педагогтерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру деңгейін айқындау мақсатындағы сауалнама нәтижелері бойынша «Педагогтердің цифрлық дағдыларын дамыту» онлайн курстарында оқыту үшін топтар жасақталды. Оның ішінде базалық және жетілдірілген онлайн курстар бар.
Сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығы аталған зерттеулердің нәтижесінде қиындық туғызатын тақырыптар бойынша ұстаздарға курстар мен семинарлар ұйымдастырып, оқытты.
Жаңалықтар
Ауыл мен қала мектептері арасында білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту кезек күттірмейтін мәселе.
13.01.2023
- Пікірлер
Загрузка комментариев...